RU
Бишімбаев "Болашақ" қауымдастығының төрағасы қызметін босатты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бишімбаев "Болашақ" қауымдастығының төрағасы қызметін босатты

Рассказать Вконтакте

Сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев "Болашақ" қауымдастығы төрағасы қызметін босатты. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы саяси қызмет департаментінің директоры Данат Жуминнің Facebook парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қуандық Бишімбаев. Фото: Kazday.kz

Қуандық Бишімбаев. Фото: Kazday.kz

Жумин Бишімбаевтың қауымдастық мекенжайына жеке хабарлама жібергенін айтуда.

Хабарламада сотталған экс-министр ұйым мүшелерін "оған қиын сәтте қолдау білдіріп, біріге жұмыс атқарғандарына алғыс айтқан".

Бишімбаевтың хаты қауымдастықтың ортақ жиналысында жария етілді.

Кейін Жумин жаңа төраға қызметіне мәжілісмен Бахтияр Мәкеннің таңдалғанын алға тартты.

Еске салсақ, Қуандық Бишімбаев пара алғаны және өзгенің мүлкін иеленгені үшін он жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
7
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір