RU
20 жас кіші әйелімен ұрысқан ақтөбелік азамат өзін-өзі өртеп жіберді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

20 жас кіші әйелімен ұрысқан ақтөбелік азамат өзін-өзі өртеп жіберді

Рассказать Вконтакте

12 сәуір күні Ақтөбе облысы Бадамша аудандық орталығында 47 жастағы ер адам әйелімен жанжалдасқаннан кейін үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Ақтөбе Таймсқа" сілтеме жасап хабарлайды.

Өзін өртеу. Көрнекі фото: Фото: novosti44.ru

Өзін өртеу. Көрнекі фото: Фото: novosti44.ru

Зардап шегуші өте ауыр халде емханаға жеткізілген. Дәрігерлер оны құтқарып қала алмапты. Ол келесі күні тіл тартпай кеткен.

Белгілі болғандай, азаматтың жары одан 20 жас кіші екен. Ер адамның артында бес баласы қалды: үлкен қызы бірінші некеден және соңғы екі некесінен төрт бала.

Көршілерінің айтуынша, отбасының жағдайы ауыр болған. Отағасы металл өткізу арқылы табыс тауып отырыпты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
14
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір