RU
Көптің көзінше сүйіскен алматылық қыздардың үстінен полицияға шағым түсті
Жаңалықтар Қоғам

Көптің көзінше сүйіскен алматылық қыздардың үстінен полицияға шағым түсті

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне полицияға түсірілген шағымның фотосын жолдады. Онда зардап шегуші көптің көзінше сүйіскен алматылық қыздарды жауапқа тартуды талап етуде.

Көптің көзінше сүйіскен алматылық қыздар. Видеодан скриншот

Көптің көзінше сүйіскен алматылық қыздар. Видеодан скриншот

Видео авторы Элдар Гамилзаде Бостандық ауданының ІІБ-не шағым түсіріп, онда Алматы кинотеатрларының бірінде көптің көзінше сүйіскен қыздардың бірі оған саусағын шошайтқанын баяндаған.

Ер адам олардың әрекеті ұятсыздыққа жататынын айтқан сәтінде, сүйісіп отырған қыздардың бірі оған осындай жауап қайтарып, намысына тиіпті.

Элдар бұл жайттан кейін қызды ұрып жібергісі келгенін, алайда өзін тоқтата алғанын айтуда.

Элдар Гамилзаде жарымен бірге. Фото Facebook

Элдар Гамилзаде жарымен бірге. Фото Facebook

"Қыздар көптің көзінше бір-бірін аймалап, сүйісе бастады. Бұл жиіркенішті көрінді. Оларға балалар да қарап тұрды. Мен шыдамастан оларға доғарыңдар деп айқайлап жібердім. Олар мән бермеді. Сол кезде оларды видеоға түсіріп, желіге салатынымды айттым. Жауап ретінде қыздардың бірі маған саусағын шошайтты. Ол осылайша менің және отбасымның намысына тиді", - дейді Элдар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
3
2
0
1
10
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel