RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман болады

Рассказать Вконтакте

21 сәуір күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тұман, екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңбыр. Көрнекі фото: uadog.com.ua

Жаңбыр. Көрнекі фото: uadog.com.ua

Қазақстанның кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстікте бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жетіп, тұман күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болып, шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал күндіз кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күші 15-20 м/с болады. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel