RU
Полициядан қашқан ШҚО тұрғыны бесінші қабаттың балконынан құлап кетті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Полициядан қашқан ШҚО тұрғыны бесінші қабаттың балконынан құлап кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Өскеменде ер адам полициядан жасырынамын деп бесінші қабаттың балконынан құлап кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы YK.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балкон. Видеодан кадр

Балкон. Видеодан кадр

Оқыс жағдай 19 сәуір күні Өскеменнің Орджоникидзе көшесінде болған. Облыстық ІІД-нің хабарлауынша, көршілерінің шуылдап мазасын қашырғанына мезі болғандар полицияға шағым түсіреді.

Полиция келіп жеткенде, пәтер иесі мен оның қонағы ізін жасырмақ болып, балконға қашады.

"Есік сыртында полицейлер тұрғанын естіген пәтер қонағы балкон арқылы шығып кетпек болып, құлап кетті. Оны түрлі жарақаттармен емханаға жеткізген. Ол есінен танбады және ешкімге шағымы жоқтығын айтуда. Не үшін қашқанын ер адам сол беті түсіндіре алмады", - дейді ІІД-де.

Зардап шегуші оқиға кезінде қатты мас болған. Ал балкон арқылы ізін жасырмақ болған пәтер иесі төменгі қабатта салбырап тұрған жерінен құтқарылды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір