Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрсағында 7 айлық баласының жүрегі тоқтап қалған астаналық әйел жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Астана тұрғыны Нұргүл Хамиева осымен екінші баласынан айрылып отыр. Құрсақта жатқан нәрестенің жүрегі жеті айлығында тоқтап қалған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Баласынан айырылған ана. КТК арнасынан скриншот
Баласынан айырылған ана. КТК арнасынан скриншот: UGC

Астанадағы №1 перинаталдық орталықта жүктілігіне жеті ай болған келіншек құрсақтағы ұлынан айрылып қалған.

26 жастағы Нұргүл Хамиева іштегі баласының қимылы тоқтағанын байқап, түс ауа осы орталыққа келген.

"Төрт кезекші дәрігердің біреуінің аты-жөнін білмеймін. Біреуі де қасыма келген жоқ. Біреуі де мені қараған жоқ. Тек қана санитар жүрді, Олжас деген жігіт. Басқа біреуін де көрген жоқпын, - деп күйінеді келіншек.

Бастапқыда арнайы аппаратпен тексергенде баланың тірі екені анықталған. Алайда, қан айналымында қиындық бар болыпты. Ал түнжарымнан ауғанда іштегі бала қимылсыз қалған.

"Түскі сағат екіде түскен пациенттің аты-жөнін білмейді, немен түскенін білмейді. Сол кезде келіп сұрап жатыр. Сонда қалай қарады деп ойлайсың?! Қарамаған ғой олар. Менің түсінігім бойынша, бұлар баланың өлімін ғана күткен сияқты. Бір тексерді, жүрек бар. Екі тексерді бар, үш тексерді, бар, төрт тексерді – жоқ. Сіздің балаңыз өліп қалған дейді", - деп есіне алды шетінеген баланың әкесі Бекболат Базаров.

Айта кетерлігі, мұндай бала өлімі бұл орталықта қалыпты жағдай болып шықты. Яғни, 24-26 аптаға жеткен нәрестелердің айына орта есеппен алтау-жетеуі тумай жатып өлетін болып шықты.

Келіншекке ота жасаған күннің өзінде нәрестені құтқара алмайтын едік дейді орталық өкілдері. Өйткені, ұрық толық жетілмеген.

"24-30 аптаның аралығындағы құрсақ ішіндегі ұрықтың шетінеуін алдын алу өте қиын. Сондықтан, екі сағат сайын тексеру жүргізіліп отырды. Бірақ, түнгі үште кезекті тексеру кезінде ұрықтың жүрек қағысы байқалмады. Сондықтан, құрсақ ішіндегі өлімнің жағдайы негізделіп, бүгінгі таңда жүкті әйел босандыруға дайындалып жатыр", - дейді №1 перинаталдық орталық директорының орынбасары Ербол Әубәкіров.

Бекболат пен Нұргүл осымен екінші баласынан айрылып отыр. Бірінші нәрестесін көтергенде денсаулығы сыр беріп, онда да іштегі баласы жеті айлығында шетінеп кеткен екен. Ал бұл жолы бәрі аман-сау болыпты.

Нұргүл қазір іштегі өлі баласымен орталықтың палатасында жатыр. Ерлі-зайыпты бұл жағдайды жабулы қазан күйінде қалдырмауға бекінген.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727982-krsagynda-7-ajlyk-balasyny-zregi-toktap-kalgan-astanalyk-jel-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel