RU

Елімізде қылмыс жиі жасалатын криминалды аймақтар белгілі болды

Бас прокуратура қылмыстың электронды картасын жария етті. Аталмыш картада кез келген қала мен аудан орталықтарында болған түрлі қылмыстар жазылып, саны көрсетіліп тұрады деп хабарлайды КТК арнасы.

Қылмыскер. Көрнекі фото: ruinformer.com
Қылмыскер. Көрнекі фото: ruinformer.com: UGC

Елімізде төрт айдың ішінде ұрлық, адам өлтіру, бұзақылық, зорлық секілді 90 мыңнан астам қылмыс жасалыпты. Қауіпті өңірлер бойынша көшті 18 мың қылмыспен Алматы бастап тұр.

Ал екінші орынға 10 мың қылмыспен Оңтүстік Қазақстан облысы жайғасқан. Қылмыс ең аз жасалатын облыс Атырау болып шықты. Онда биыл екі мың қылмыс жасалған.

Қылмыс саны көбейген қауіпті аймақтар қатаң бақылауға алынып, көбірек камера қойылады, полицейлердің де саны артады.

"Қауіпті жер картада қызыл түспен боялған. Мәселен, Елордада Артем базарының маңында жыл басынан бері 30-дан астам қылмыс болыпты. Өйткені, бұл жерде адам көп жүреді", - дейді Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінде төрағалық ететін Бағдат Мусин.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1727984-elimizde-kylmys-zii-zasalatyn-kriminaldy-ajmaktar-belgili-boldy.html