RU
Риганың отелінде өлтірілген қазақстандық келіншекке қатысты тың ақпарат шықты
Жаңалықтар Қоғам

Риганың отелінде өлтірілген қазақстандық келіншекке қатысты тың ақпарат шықты

Рассказать Вконтакте

Риганың орталығында өлтірілген Қазақстан азаматшасына қатысты тың ақпараттар пайда болды. Қаза болған келіншектің есімі - Елена Губина. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елена Губина. КТК арнасынан кадр

Елена Губина. КТК арнасынан кадр

Елена Қарағандыда дүниеге келген. Белгілі болғандай, келіншек отельде күйеуімен бірге тұрып жатқан. Алайда жолдасы әйел қайтыс болған күні кілтті өткізіп, отельден кетіп қалған.

Сот-медициналық сарапшылар Еленаның мәйітін тапқан қонақүй қызметкерінің сөздерін растап отыр. Келіншек расымен де тұншықтырылып өлтірілген болып шықты.

Қылмыскер 20 жылдан бастап, өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Туған елінде Еленаның қазасы туралы естіген әпкесі мен қызы қайғыдан қан жұтып отыр. Олар бұл жайтқа қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Себебі, "дөкейлердің қатарынан болатын Еленаның 46 жастағы күйеуі олардан кек алады" деп қорқатын көрінеді.

Еске салсақ, Еленаның күйеуі қылмысқа күдікті ретінде Латвиядан кетпек болған сәтінде ұсталған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
6
2
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel