RU
Дағыстан үкіметінің экс-басшысы Мәскеуде терезеден құлаған қазақ қызы туралы пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Дағыстан үкіметінің экс-басшысы Мәскеуде терезеден құлаған қазақ қызы туралы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Дағыстан Министрлер кабинетінің экс-басшысы Мухтар Меджидов Мәскеуде терезеден құлаған 21 жастағы қазақстандық бойжеткен мен өзінің 22 жастағы ұлы Муртузалидың арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Коллаж: nur.kz. Фото: КТК

Коллаж: nur.kz. Фото: КТК

Тергеу болжамы бойынша, 21 жастағы Томирис Байсафа Мухтар Меджидовтың ұлына деген жауапсыз махаббаттан өзіне қол салмақ болған.

Бойжеткенді терезеден құлағанға дейін соңғы рет сонымен көріпті. Алайда екі жақтың да ата-анасы қыз бен жігіттің бірнеше жыл бойы кездесіп келгенін және бір-біріне деген сезімі бірдей болғанын алға тартуда.

Мухтар Меджидов туған ұлы бойжеткенді өзіне қол салуға итермеледі дегенге сенбейтінін айтуда. Ол ұлының куәгер ретінде тергеушілерге жауап беріп жатқанын мәлімдеді.

"Мен Муртузали Томиристі суицидке дейін жеткізді дегеніне сенбеймін. Білуімше, Муртузали мен Томирис бір-бірімен жақсы достық қарым-қатынаста болған. Біздің отбасымыз болған жайтты ауыр қабылдады және Томиристің тезірек айығып кетуі үшін дұға етуде", - дейді шенеунік.

Тергеушілердің болжамына қыздың анасы да сенбей отыр. Себебі, жігіт Томириске бірінші ғашық болып, оның көңілін табу үшін талай жүгірген көрінеді. Сол себепті, Томирис жауапсыз махаббаттан өзіне қол салуы мүмкін емес дейді ол.

Еске салсақ, Томирис Мәскеу университеттерінің бірінде терезеден құлап кеткен болатын. Ол ауыр халде жатыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
6
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel