Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік жеткіншекті үш жыл бойы зорлап, ақша бопсалаған

Опубликовано:

Ақтөбеде 16 жастағы колледж қатысушысын бірнеше жыл бойы зорлап келген. Бұл туралы шағым полицияға наурыздың ортасында келіп түсті деп хабарлайды "Ақтөбе Таймсқа" сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото inessasm.com
Фото inessasm.com: UGC

Жеткіншекті Рысқұлов көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі подьезде зорлап отырған. Ол алғаш рет 2016 жылы 13-14 жасында зорлыққа ұшырапты.

Бұл қылмысқа күдікті ретінде колледждің 17 жастағы үшінші курс студенті құрықталған деген ақпарат тарады. Ол қылмысын мойындағанымен, белгісіз себептермен босатылып, полицияға сұраққа алу кезінде келіп тұруға міндеттеген көрінеді.

Ал өзге дереккөзге сенсек, бұл іске қатысты екі адам құрықталған: бірі - 18 жасқа толған колледж студенті, ал екіншісі кәмелет жасқа толмаған жеткіншек.

Сонымен қатар, зардап шегушіден ақша бопсаланған екен. Ал ақша бере алмаған кездері жеткіншекті зорлап отырған.

ІІД баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын алға тартты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1727991-aktbelik-zetkinsekti-s-zyl-bojy-zorlap-aksa-bopsalagan/

pixel