RU
Мәскеуде терезеден құлаған Томиристің жағдайы әлі де ауыр
Жаңалықтар Қоғам

Мәскеуде терезеден құлаған Томиристің жағдайы әлі де ауыр

Рассказать Вконтакте

Мәскеу университеттерінің бірінде терезеден құлап кеткен қазақстандық бойжеткен Томирис Байсафаның жағдайы әлі де ауыр. Тергеушілер мен оның жақындары Томиристің есін жинағанын күтіп отыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Томирс Байсафа. Фото: әлеуметтік желіден алынды

Томирс Байсафа. Фото: әлеуметтік желіден алынды

Тергеушілер бойжеткеннің терезеден құлау себебін әзірге анықтай алмай отыр. Олар Томирис есін жинап, бұл жайтқа түсініктеме беретінінен үмітті.

Ал әзірге Томиристің есін жинау-жинамауы белгісіз. Тіпті есін жинағанның өзінде ол бірден сөйлей алмайды дейді дәрігерлер. Себебі, бойжеткен ауыр халде жасанды тыныстандыру аппаратына қосулы күйде жатыр екен.

Еске салсақ, 21 жастағы Томирис Байсафа 13 сәуір күні Мәскеудегі университет терезесінен құлап кеткен болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
4
16
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel