RU

Үш жасар қыз жүкті анасына оқ жаудырды

АҚШ-та үш жасар қыз жүктіліктің жетінші айындағы анасына оқ жаудырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балақай. Көрнекі фото: Oxu.Az
Балақай. Көрнекі фото: Oxu.Az: UGC

Қайғылы жағдай Индиана штатында болды. Қыз бала бір жасар інісімен және ата-анасымен көліктің ішінде отырған. Оның әкесі Мензо Бразиер дүкенге кірер кезде қаруын көлік салонына тастап кетеді.

Қарумен ойнауға кіріскен балақай абайсызда анасына оқ жаудырған. Абырой болғанда жүкті әйелдің оң жақ иығына тиген оқ оны қатты жарақаттамады. Ота сәтті жасалып, жүкті әйел аман қалған.

Алайда балаларды қарумен қараусыз қалдырған әкесі сотта жауапқа тартылатын болды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728002-s-zasar-kyz-zkti-anasyna-ok-zaudyrdy.html