Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушыларға мектепте жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат берген ұстаз жаға ұстатты

Опубликовано:

АҚШ-тың Стоун-Маунтин қаласында оқушыларға мектеп қабырғасында жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат беріп келген 25 жастағы мұғалім қамауға алынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы limon.postimees.ee сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мектеп. Көрнекі фото: Elmo Riig / Sakala
Мектеп. Көрнекі фото: Elmo Riig / Sakala: UGC

Математика пәнінің мұғалімі Квентин Райттың бұл әрекеті көп ұзамай әшкере болып, жұмысынан қуылды.

Белгілі болғандай, 14 жастағы жеткіншектің анасы ұлының ұялы телефонындағы хабарламаны оқығаннан кейін полицияға хабар берген. Хабарламада жеткіншек ұстазына бір сағатқа оның кабинетін қызбен жыныстық қатынасқа түсу үшін пайдаланатынын жазған.

Ал ұстазы оған жауап ретінде бұл жайтты ешкімге айтып қоймауын ескерткен. Ұстаз тіпті жеткіншектерге жыныстық қатынасқа түсе алуы үшін мүшеқапты сыйға тартып отырыпты. Ол бұл жайттан кейін қамауға алынды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1728005-okusylarga-mektepte-zynystyk-katynaska-tsuge-rksat-bergen-staz-zaga-statty/

pixel