RU
ОҚО-да зорланған балаға Назарбаевтың немересі көмектесуде
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да зорланған балаға Назарбаевтың немересі көмектесуде

Рассказать Вконтакте

Қоғам белсендісі Аружан Саин Facebook парақшасында ОҚО-да зорланған жеті жасар баланың ісіне қатысты тың ақпараттарды жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрәли Әлиев. Фото time.kz

Нұрәли Әлиев. Фото time.kz

"Баланың тағдыры үшін алаңдап отырғандарға хабарлаймыз, біз оларды ұмытпадық және отбасына бұл жағдайда барынша көмек көрсетіп жатырмыз", - деп жазады Аружан.

Жеткіншек анасымен, әжесімен және тәтесімен бірге күзет қорғауына алынған. Оны үйінде мұғалімдер оқытып жүр екен.

Саин, сонымен қатар Аналар үйі жобасына қатысып жүрген бизнесмендерге және Нұрәли Әлиев пен Аида Әлиеваның отбасына алғыс білдірді.

Аружанның айтуынша, барлық қаржылық мәселелермен Аида және Нұрәли Әлиев, Әсел және Еркін Тәтішев, Анар және Айдын Рақымбаев айналысып отыр.

Еске салсақ, ОҚО-да жоғары сынып оқушылары зорлап келген жеті жасар баланың тағдыры ел назарына іліккен болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір