RU
Ауа-райы: Жексенбі күні елімізде жел соғып, жауын-шашын болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа-райы: Жексенбі күні елімізде жел соғып, жауын-шашын болады

Рассказать Вконтакте

22 сәуірде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел соғуы мүмкін. Сонымен бірге батыс өңірлерде шаңды дауыл тұрады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауа-райы: Жексенбі күні елімізде жел соғып, жауын-шашын болады

Көрнекі фото

Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман, түнде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel