RU
БҚО-да түнгі клубтағы видеосы елді шулатқан шенеунік қызметтен кетіп тынды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да түнгі клубтағы видеосы елді шулатқан шенеунік қызметтен кетіп тынды (фото)

Рассказать Вконтакте

Монополияға қарсы комитеттің БҚО бойынша облыстық департаментінің басшысы Мұрат Оспанов желіде тарап кеткен видеодан кейін қызметінен өз өтініші бойынша кетті деп хабарлайды «Мой городқа» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото видеодан алынды. Коллаж: NUR.KZ

Фото видеодан алынды. Коллаж: NUR.KZ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметінің мамандары, шенеунікке қатысты қызметтік тексеру және тәртіптік істің қозғалғанын алға тартқан.

Белгілі болғандай, бұған дейін департаментке ұлттық экономика министрлігі тарапынан хат келіп түскен екен. Онда Мұрат Оспановтың өз еркімен қызметтен кеткені баяндалған көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, желіде шенеуніктің қаладағы түнгі клубтардың бірінде жүргені және денсаулығы сыр беріп, оны маңайындағылардың сыртқа шығарып жатқаны көрсетілген видео тарап кеткен еді. Кейін шенді аталған бейнежазбаға қатысты түсініктеме беріп те үлгерген еді. Айтуынша, тынысы тарылып, денсаулығы кенеттен нашарлап кеткен екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
1
2
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel