RU
Мазақ болдым: Ақтөбеде жезөкшелікпен айналысқан жігіт адам төзгісіз өмірі туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

Мазақ болдым: Ақтөбеде жезөкшелікпен айналысқан жігіт адам төзгісіз өмірі туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында тұратын 28 жастағы Қыдырбай есімді жігіт көмек сұрайды. 500 теңге үшін қыздарша боянып, еркектермен бірге болған ол адам төзгісіз өмірі туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде жезөкшелікпен айналысқан жетім жігіт адам төзгісіз өмірі туралы айтты

Көрнекі фото: mon-mari.ru

«7 сынып оқып жүргенімде өмірімді түбегейлі өзгерткен оқиға болды. Ол адамның кім екенін айтпай-ақ қояйын… Қателеспесем, 2002-2003 жылдары болу керек. Өзіммен қатар бала мені зорлап тастады. Мен ол туралы ешкімге айта алмадым. Тағдырым осылай 15 жыл бұрын өзгерді. Сол күні мен ешкімді де көргім келген жоқ.

Өзіме қол жұмсауды да ойладым. Содан бастап мені мектепте зорлайтындар көбейіп кетті. Бір күні қыздармен көлдің жағасына бардым. Кешкі уақыт болатын. Қыздар кетіп қалып, жағада өзім қалдым. Сол кезде қасыма бір көлік тоқтап, ішінен түскен жігіттер желкемнен ұрып талдырды. Олардың мені қайда апарғанын білмеймін. Есімді үш сағаттан кейін жиғанмын. Тек қатты ауырғанымды білемін», - дейді Қыдырбай.

Қыдырбай өзінің мектеп жасында отбасымен Қарақалпақстаннан көшіп келгенін айтады. Қазір ол Шалқар ауданында тұрып жатыр.

«Сол кезден бастап менде қорқыныш пайда болды. Менің өмірім адам төзгісіз болып кетті. Екінің біріне мазақ болдым, көшеде адамдар ұрып жібереді. Әркім пайдаланып кететін көрінгеннің қолжаулығы болдым. Ақшадан тапшылық болған кезде ер адамдармен кездескен кездерім болды. Нан таба алмай қалған кезде ақша берген адаммен бірге болдым. Өзім ешқандай баға қойған жоқпын. Бергенін алатын едім. 1000, 500 теңге береді. Ол жерден бір шаруасын бітіргеннен кейін кетіп қаламын. Менде бұрын өзімді әйел ретінде сезінетін жағдайлар болды. Косметика да қолданып жүрдім. Міне, екі жылдан аса уақыт өтті мен ол нәрселердің барлығын қойдым», - дейді ол.

Қыдырбай бала кезінен асырап алған отбасында тәрбиеленген. Өз әке-шешесінің кім екенін білмейді. Айтуынша, туа сала тастанды бала атанған.

«Менің де отбасы құрғым келеді. Бірақ маған кім тиеді дейсің? Мынадай әңгімелерден кейін Шалқарда мені кім жақсы көреді?! Жаңадан өмір сүргім, бәрін қайта бастағым келеді. Қалай? Жұмыс жасағым келеді. Ауданда менің жағдайымды бәрі біледі, сол себепті мені ешкім жұмысқа алмайды. Ойлай берген сайын адам қиналады екен. Мен қайта оянғым келеді. Өткенімді ұмыттыратындай гипноз жасалса деп армандаймын», - дейді Қыдырбай есімді жігіт.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
19
11
22
119
2
10
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір