RU
Петропавлда екіқабатты тұрғын үйдің қабырғасы опырылып түсті
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлда екіқабатты тұрғын үйдің қабырғасы опырылып түсті

Рассказать Вконтакте

Петропавлда екі қабатты үйдің қабырғасы құлап, құтқарушылар оқиға орнынан 8 адамды алып шықты хабарлайды 24 Хабар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Петропавлда екіқабатты тұрғын үйдің қабырғасы опырылып түсті

Фото: 24 Хабар

Қабырғасының бір бөлігі опырылып қалған үй 1950 жылдары тұрғызылған. Бұл үй осыдан төрт жыл бұрын апатты деп танылған. Солай бола тұрса да, онда үш бірдей отбасы, жалпы 13 адам тұрып келген.

«Береке» шағынауданының тұрғындары осы маңдағы тағы бір үй құлағалы тұр деп дабыл қағып отыр. Ол да апатты жағдайда тұр екен.

«Тек киім-кешегімді шығарып үлгердім. Жиһаз, құжат, бәрі үйде қалды. Ішке ешкімді кіргізбей жатыр. Абырой болғанда, барлығы аман», -дейді қала тұрғыны Алета Сычёва.

Қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың айтуынша, апатты деп танылған үйлердің тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ететін тұрғын үй қоры жоқ.

«Сондықтан сіздерді әзірге уақытша пәтерлерге орналастарамыз. Алдағы уақытта бұл мәселені шешетін боламыз», - деді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір