Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқал әлегі: "Қазақстан аруы" үйіне жас қыз алып келген 72 жастағы олигарх күйеуі туралы айтты

Опубликовано:

Қазақстан аруы атанған Юлия Бейсенбаева 72 жастағы кәсіпкер күйеуінің 19 жастағы қызды тоқал еткенін айтып, өзінің басындағы проблемасымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстан аруы үйіне жас тоқал алып келген 72 жастағы күйеуі туралы айтты
Қазақстан аруы үйіне жас тоқал алып келген 72 жастағы күйеуі туралы айтты: UGC

Юлияның айтуынша ол 19 жасында 55 жастағы кәсіпкерге тұрмысқа шығып, оның үшінші әйелі атанған. Алайда араға 17 жыл салып, күйеуі үйге тағы да 19 жастағы бойжеткенді әкеліп, оны тоқалы ретінде алмақ болған.

Юлия Мәлік Есенбаевпен 1999 жылы танысқан. Ол кезде 16 жастағы бойжеткен Ақтау қаласының атынан Қазақстан аруы байқауына қатысып, жеңімпаз атанған. Алты жылдан соң олар үйленіп, ортақ екі баланы дүниеге әкелген.

Қазақстан аруы үйіне жас тоқал алып келген 72 жастағы күйеуі туралы айтты
Қазақстан аруы үйіне жас тоқал алып келген 72 жастағы күйеуі туралы айтты: UGC

Юлияның айтуынша, бірге тұрған 16 жылдың ішінде күйеуі аграрлық холдинг пен зейнетақы қорының директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарады. Ол көптеген жетістіктерге жетіп, миллиардтаған қаражатқа ие болған.

Қазақстан аруы үйіне жас тоқал алып келген 72 жастағы күйеуі туралы айтты
Қазақстан аруы үйіне жас тоқал алып келген 72 жастағы күйеуі туралы айтты: UGC

Ерлі-зайыптылардың Испанияда 420 000 еуроға тең вилласы бар. Ол екеуінің де атына жазылған. Одан бөлек Дубай мен Алматыда зәулім сарайлары бар. Олардың барлығы оның күйеуінің атына жазылған және олардың бірге тұрған жылдары алынған. Осы себептен де Юлия өз үлесін алғысы келеді.

2014 жылы ол балаларына бала күтуші жалдайды. Келесі жылы әйеліне бала күтушімен бірге тұрып жатқанын жеткізеді.

Күйеуінің жас тоқалымен бірге тұрғысы келмеген әйел бүгінде одан көрмегенді көргенін айтуда. Әйелінің өзіне қарсы шыққанына ашуланған Мәлік Есенбаев онымен ешқашан некеде тұрмағанын және құжаттардың барлығы жалған екенін айтып, шағым түсірген.

Бір қызығы, сот Есенбаевтың жанына шығып, олардың некесін заңсыз деп таныған.

"Мен біздің сотқа таңғалып отырмын. Менің тегім Есенбаева, интернетте мен оның заңды әйелі деген мыңдаған мәлімет өріп жүр. KASE қор биржасында да мені оның әйелі деп жазған .Испаниядағы үйді сатып аларда да мен оның әйелі деп жазулы тұрмын. Көптеген жерлерге бірге бардық. Онда да оның әйелі ретінде. Мәлік мен оның жас тоқалымен бірге тұрмаймын дегенімді естіп, қаңғыртып жіберетінін айтқан. Мен енді оның екінші әйелін жақсы түсінемін. Себебі ол оны мен үшін тастап кеткен еді. Бірақ мен жас болдым. Диананы да еш кінәламаймын", - дейді ол

Әйелдің айтуынша, күйеуі балаларына да қоқан-лоққы көрсетіп, олардың оқуын төлемей қоямын деп қорқытып жатқан көрінеді. Юлияның сөзіне сенсек, оның балалары елдер секілді жай мектепте оқи алмайды, себебі олар ағылшын мектебінде оқитындықтан, ағылшын грамматикасынан басқа әліпбиді білмейді.

Сонымен бірге ол күйеуі балаларының көзінше оны екі рет ұрғанын айтып, Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа ашықхат жолдағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728065-tokal-legi-kazakstan-aruy-jine-zas-kyz-alyp-kelgen-72-zastagy-oligarh-kjeui-turaly-ajtty/

pixel