Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табиғат апаты: Алматы облысында тау жыныстары Көлсайға қарай жақындап келеді (фото)

Опубликовано:

Алматы облысында көшіп жатқан тау бөктерінің маңына апаттық-құтқару топтарын жасақтау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оползень
Оползень: UGC

Оның айтуынша, қазірдің өзінде ол жерге «Қазселденқорғау» мекемесінің 20-дан астам арнайы инженерлік техникасы топтастырылған.

Оползень
Оползень: UGC

Арнайы техникалар қатарында бульдозер, грейдер, экскаватор, фронтальды тиеуіш және жүк көліктері бар. Оқиға орнына Алматы облыстық ТЖД жедел штабы орналасты. Олар қажетті байланыс құралдарымен жабдықталған.

Оползень
Оползень: UGC
«Тау жыныстарының жылжуы 900 метрге дейін созылған, қазір ол Көлсай жаққа қарай көшіп барады», - деді ТЖК ресми өкілі.
Оползень
Оползень: UGC

Еске сала кетсек, 19 сәуірде Алматы облысында ҚР ІІМ ТЖК-ның «Қазселденқорғау» ММ гидробекетінің бақылаушылары көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру барысында Кеген ауданы аумағында тау бөктерінің орнынан көшкенін анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1728074-tabigat-apaty-almaty-oblysynda-tau-zynystary-klsajga-karaj-zakyndap-keledi-foto/

pixel