RU
Айсәуле Бақытбек: Анам бейәдеп сөздер жазатыныма қарсы
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айсәуле Бақытбек: Анам бейәдеп сөздер жазатыныма қарсы

Рассказать Вконтакте

Gakku TV арнасына келіп, журналист Тимур Балымбетовтің сұрақтарына жауап берген продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле елдің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Өзі, отбасы және қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерді сөз еткен бойжеткен неліктен бейәдеп сөздер пайдаланатынын да жасырмады деп хабарлайды NUR.KZ.

Баян Алагөзова бейәдеп сөздер жазатын қызы үшін ұялатынын айтты

Баян Алагөзова бейәдеп сөздер жазатын қызы үшін ұялатынын айтты

Айсәуле әлеуметтік желідегі жазбаларында неліктен бейәдеп сөздер қолданатынын ашық айтты. Айтуынша, ол осы арқылы өзінің шынайы бет-бейнесін жасырмауға тырысады.

Дегенмен, Айсәуле өмірде көп бейәдеп сөздерді пайдаланбайтынына сендірді. Алайда кей-кейде мұндай сөздерсіз болмайды, дейді ол.

"Біздің адамдардың былапыт сөздерге деген қарым-қатынасы жақсы емес. Әлбетте мұндай сөздер бізде өте көп қолданылады. Алайда кейде әр нәрсені өзінің атымен атауға тура келеді. Сондай сәттерде бейәдеп сөздерді қолданбау мүмкін емес. Елдің бәрі осылай істейді", - дейді бойжеткен.

Алайда Баян қызының мұндай әдетін жақтырмайтыны анықталды.

"Анам менің Telegram-каналыма жазылып қойған. Әрбір сөзімді жүрегіме жақын қабылдайды. "Өтінемін, ел сенің жазғаныңды маған жіберіп жатыр. Бұл не сұмдық деп наразы болады", - дейді анам.

Алайда өтірік күліп, жасанды болғаннан гөрі өзімнің шынайы бет-бейнемді көрсеткенді тәуір санаймын. Мен сахнаның сыртында өскендіктен, ел алдында жүрген ондай екіжүзді адамдарды көп білемін. Оларды көрген сайын, тіпті амандасқым да келмей кетеді. Одан да мен кейде былапыт сөз айта салғаным жақсы. Есесіне, мен екіжүзді болмаймын", - дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
1
2
3
4
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel