RU
Өзін ренжіткен Төреғалиді сәбилі болуымен құттықтаған продюсер елді тәнті етті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Өзін ренжіткен Төреғалиді сәбилі болуымен құттықтаған продюсер елді тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал продюсер Жан Мұқанов Төреғали Төреәліні үшінші рет қызды болуымен құттықтады. Әншінің дөрекелігін елге жайып салып, оны өзін алдап кетті деп жар салған ол әншіге арнап жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол өзінің жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасына жазды.

"Төреғали үшінші рет әке атанып отыр! Біздің арамыздағы болған түсініспеушіліктердің балаларға ешқандай қатысы жоқ. Бала - өмірдің мәні, біздің болашағымыз. Төреғали мен Толқын бақытты болыңдар! Әсіресе Төреғалидің анасын құттықтағым келеді. Ол кісі Төреғалидің өміріндегі ең жақын жандардың бірі.

Ақша бірде бар, бірде жоқ. Қолдың кірі. Өмір өз ағынымен өтіп жатыр. Мен оның жұлдызының қашанда жарқырап тұруын тілеймін! Ол отбасының тірегі, қамқоршысы. Барлықтарыңызға бірлік пен татулық тілеймін. Жақындарымыздың қадірін түсініп, кешіре білейік! Ұлы даланың ұлылығын ұлықтайық!", - деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары болса, оның бұл әрекетіне риза болып, продюсерді "кең жүректі" азамат деп атады. Айтуларынша, арадағы барлық түсініспеушіліктерге қарамастан, оны ел алдында құттықтау - ерлік.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
2
3
1
38
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel