RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен тұман болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен тұман болады

Рассказать Вконтакте

23 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, тұман, екпінді жел сақталады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңбыр. Көрнекі фото: Pikabu

Жаңбыр. Көрнекі фото: Pikabu

Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай болып, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз Қостанай облысында жел 18 м/с күшейеді деп күтілуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір