RU

Қазақстан Мьянма мұсылмандарына көмекке жарты миллион доллар ұсынды (фото)

2017 жылдың аяғында Қазақстан шамамен жарты миллион долларды Мьянма мұсылмандарына гуманитарлық көмек ретінде ұсынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мьянма мұсылмандары. Көрнекі фото: Новые Известия
Мьянма мұсылмандары. Көрнекі фото: Новые Известия: UGC

Гуманитарлық көмек Бангладештегі рохинджа босқындарына табысталды деп мәлімдеді Пәкістандағы Қазақстан елшісі Барлыбай Садықов.

500 мың долларға жуық қаражат 18 сәуір күні табысталған. Бүгінде босқындардың жалпы саны бір миллион адамнан асқан.

Еске салсақ, Мьянмадағы мұсылмандар қатаң қудалауға ұшырап, Бангладешке қашуға мәжбүр болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728112-kazakstan-manma-msylmandaryna-kmekke-zarty-million-dollar-syndy-foto.html