RU
8 раундта құлатады: Әлем чемпионы Головкин-Мартиросян жекпе-жегіне болжам жасады
Жаңалықтар Әлемде

8 раундта құлатады: Әлем чемпионы Головкин-Мартиросян жекпе-жегіне болжам жасады

Рассказать Вконтакте

Мексикалық боксшы Лео Санта Крус (34-1-1, 19 КО) Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) арасында өтетін жекпе-жекке болжам жасады, деп жазады prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Геннадий Головкин. © AP Photo / Damian Dovarganes

Геннадий Головкин. © AP Photo / Damian Dovarganes

Әлем чемпионы қазақстандықтың оңай жеңіске жететініне сенім білдіріп отыр.

"Мартиросян - жақсы боксшы. Жылдам, ширақ та тәжірибелі. Бірақ, бұл жекпе-жек ұзаққа созылмайды деп ойлаймын. Мен Головкинді құрметтеймін. Мексикалық стилде жұдырықтасады. Менше, GGG сегізінші раундта нокаутпен жеңіске жетеді", - деді Крус Boxeo TV берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, аталған кездесу 5 мамырда Карсондағы StubHub Center аренасында өтеді (Калифорния штаты, АҚШ).

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel