RU
Халқының наразылығынан кейін Армения премьер-министрі отставкаға кететін болды
Жаңалықтар Әлемде

Халқының наразылығынан кейін Армения премьер-министрі отставкаға кететін болды

Рассказать Вконтакте

Армения премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. Дегенмен қызметтен кетпес бұрын елдің сыртқы геосаяси мәселелерін шешуі қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Хабар24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Серж Саргсян. © Sputnik / Сергей Гунеев

Серж Саргсян. © Sputnik / Сергей Гунеев

Еске сала кетейік, Армения астанасында 13 сәуірден бері ереуілдер толастамай тұр. Тұрғындар елдің бұрынғы президенті Серж Саргсянның премьер-министр қызметіне келуіне наразы.

Оппозициялық топ өкілдерінің айтуынша, ол халықтың хал-ахуалын жетік білмейді. Наразылық акциясына шыққандар шаһардың басты көшелерін жауып, көлік қозғалысына кедергі келтірген.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзған жүзден астам адамды қамауға алды.

Айта кетейік, бұған дейін ел президенті Армен Саркисян алаңға шығып, ереуілшілермен жүздескен еді. Ол оппозициялық топ басшысы Никол Пашинянмен тілдесті. Дегенмен олардың не туралы сөйлескені беймәлім.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel