RU
"Үсеновтің ғашығы": Құдай алдында өзім жауап беремін
Жаңалықтар Қоғам

"Үсеновтің ғашығы": Құдай алдында өзім жауап беремін

Рассказать Вконтакте

Атышулы Мақсат Үсеновтің "ғашығы" ретінде танылып кеткен Аделя Ким "Өз ойым" телебағдарламасында қандай пластикалық ота жасатқанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Аделя Ким. Фото: Instagram

Аделя Ким. Фото: Instagram

Желі жұлдызы алғаш рет пластикалық отаға 2013 жылы жүгініпті. Ол кезде төсін үлкейткен ару 2014 жылы көзін өзгертуді оң санайды.

Одан бөлек Аделя соңғы екі жылда әр 3-4 ай бойы ернін үлкейтетін арнайы екпелер салдырады екен. Ал денесінде жеті тату барымен мақтанған аруға имам күнә жасағанын ескерткен. Алайда Аделя бұл ескертуден қорқа қоймады.

"Бұлай ескерту сіздің міндетіңіз екенін түсінемін. Алайда, құдайдың алдында өзім жауап беремін. Одан қорықпаймын", - деп жауап қайтарды ару.

Бүгінде Аделяның өз бизнесі бар. Бойжеткен - үш қалада орналасқан дүкендердің қожайыны. Ол тұрмысқа шықпағанымен, ғашығын тапқанын жасырмады. Бүгінде үш көлігі бар ару енді әкесіне көлік сатып алып бермек.

Аделя Ким. Фото: Instagram

Аделя Ким. Фото: Instagram

Еске салсақ, бойжеткен Мақсат Үсеновпен бірге суретке түскеннен кейін танымал болады. Көпшілік Аделяны Үсеновтің "ғашығы" атап кеткенімен, бойжеткен бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Ол суретке түскенінде Үсеновті тіпті танымағанын алға тартты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel