RU
"Варенье" мен ет бірге тұрады: Семейлік ару Шымкенттің тойына барып, жаға ұстап қайтты
Жаңалықтар Қоғам

"Варенье" мен ет бірге тұрады: Семейлік ару Шымкенттің тойына барып, жаға ұстап қайтты

Рассказать Вконтакте

Құрбысының ұзату тойына Семейден Шымкенте барған бойжеткен, оңтүстік өңірдің тойларына тән ерекшеліктерді тізіп берді. Айтуынша, қонақтар бір-бірін тыңдамай, дастарханда ет пен "тосап" бірге тұрады екен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Семейлік Айдана есімді бойжеткен (авт. аты-жөні өзгертілді) Шымкентке құрбысының ұзату тойына барып, жергілікті той өнеріне қатысты ерекшеліктермен бөлісті. Айдананың сөзінше, оңтүстіктер асаба мен той меймандарының сөзін тыңдамай, дастарханда етпен бірге тәтті-дәмділерден ауыз тиіп отырады екен.

"Шымкенттің тойлары жайлы бұрындары естігеніммен көзбен көргенім бірінші рет. Көпшілік ол жақтың тойында 500-ден аса қонақ болады деп ойлайды, олай емес сияқты мен болған тойда мәселен 200-ден астам ғана адам болды. Жиналған халық той басталғаннан шулап кетеді екен, соңына дейін асабаға бағынбай кеткен шығар. Адамдар бір-бірінің сөзін естімейді, әр үстел өзімен-өзі отырады", - деп ағынан жарылды ару.

Сонымен бірге ол, шығыс мен оңтүстік аймақтың той дастарханында қандай ерекшелік барын айтып берді.

"Бізде алдымен "холодный" дейді яғни келген қонақтар түрлі тіскебасарлар мен салаттардан ауыз тиеді. Одан кейін ет әкелінеді, сосын бірінші дастарханнан тұрып үзіліс болады. Сол үзілісте меймандар би билейді. Ал шай ішу үшін тіптен бөлек шайхана әзірленеді. Онда шайға қажет барлық тәтті-дәмділер тұрады. Қонақтар сол шайханадан кезек-кезек шай іше бастайды. Одан кейін екінші дастархан жайылады. Онда да тағы бір ыстық тамақ әкелінеді. Шымкентте мүлде олай емес екен.
Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Дастарханда ет пен бірге тосап тұрады. Даяшылар қонақтарды дастарханнан тұрғызбай, үсті-үстіне тамақ әкеле береді екен. Алдымен ет, сосын басқасын дегендей. Еттің өзі біздегідей мүшемен әкелінбейді турап әкеледі мөлшері аз. Еттен кейін тұрып билейміз бе деп едік, тағы бір ыстық тамақты әкелді. Түсінгенім мәдениет, дастархан этикеті деген сияқты түсінік жоқ қой деймін. Халық бір-бірін құрметтемейді тост сөйлегеннен кейін ақырындап тойдан кете береді екен. Соңында тіпті, тойда жастардан басқа ешкім қалмады", - деп күлді бойжеткен.

Бір қызығы, шымкенттіктер тостты да ұзақ сөйлейтін көрінеді.

"Тост деген бөлек әңгіме, тойдың бәрі тостпен өтті десем артық айтқаным емес. Билеуге де өте аз уақыт бөледі екен. Шымкенттіктер тек қазақша және өзбек әндеріне ұқсас әуендерге билеуді жөн санайды екен. Айта берсем қызық таусылмайды, әрине әр елдің заңы басқа, сонда да оңтүстіктегілерге біраз әдеп мен мәдениетті алға қоюды үйрену керек сияқты. Бастысы, құрбым мен жолдасы бақытты болса болды", - деп әңгімесін аяқтады семейлік ару.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
2
2
0
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel