RU
Тілін алмаған балақайды жазаламақ болған шаштараз түрмеге түсті
Жаңалықтар Әлемде

Тілін алмаған балақайды жазаламақ болған шаштараз түрмеге түсті

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританиядағы Лутон қаласында шаштараз он жасар баланың шашын тақырлап тастап, артынша оны өзіне жинаттырған. Ер адам бұл әрекетін айтқанды тыңдамай, қауіпті қайшылармен ойнаған балақайды жазаламақ болғанымен түсіндірген деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: slide.news.sina.com.cn

Фото: slide.news.sina.com.cn

Кішкентай баланы мазақ қылып, оған шаштараз ішін жинаттырып қойған Абдулрахим Омарға британиялық сот 8 айға бас бостандығынан айыру үкімін кесті.

Шашын тақырлап артынан оны жинауға мәжбүрлеген шаштаразға өкпелі бала бірден арыз жазып жіберген.

Өзінің сүйікті шаш үлгісінен айырған ер адамға баланың өкпесі қара қазандай. Оның айтуынша, бұл оқиға оған физикалық әрі психикалық зақым келтірген.

Абдулрахим Омардың қорғаушысы сотталушы өз кінәсін мойындайтынын әрі қатты өкінетінін жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel