RU
БҰҰ бас хатшысы әлемде соғыстың басталып кеткенін мәлімдеді
Жаңалықтар Әлемде

БҰҰ бас хатшысы әлемде соғыстың басталып кеткенін мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш жаңа қырғи-қабақ соғыстың басталып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Антониу Гутерриш. Фото: Владимир Астапкович / РИА Новости

Антониу Гутерриш. Фото: Владимир Астапкович / РИА Новости

SVT телеарнасына сұхбат берген Антониу Гутерриш Қауіпсіздік кеңесі жұмысының тиімсіздігін алға тартып, әлемде қырғи-қабақ соғыс басталғанын айтқан.

"Қырғи-қабақ соғыс қайта оралды. ХХ ғасырда АҚШ пен Кеңес Одағының арасында үлкен жанжал болған. Ал бүгінде Мәскеу мен Вашингтон бәрін бақылауда ұстай алмайтын болды. Аймақта көптеген елдер тым белсенді болуда: Түркия, Иран, Сауд Арабиясы және өзгелер, екіжақты бақылау жүйесі жойылған", - дейді ол.

Гутерриш Ресей мен Батыстың арасындағы жанжал жақсылыққа апармайтынын алға тартты.

"Біз диалогтың қалпына келуі үшін барымызды салуымыз керек. Екі тараптың арасында өткен аптада болған шиеленісті тарқату керек", - дейді бас хатшы.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
4
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel