RU
Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі өкімімен Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы Тараз қаласы әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды Turaninfo.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: turaninfo.kz

Фото: turaninfo.kz

Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы", 2003 жылы "Тұран" университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерінде болды. 2017 жылдың 15 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Осыған дейін Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет болған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
2
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel