RU
Ринат Зайытов: Патшам үшін бәріне қарсы тұрамын
Жаңалықтар Қоғам

Ринат Зайытов: Патшам үшін бәріне қарсы тұрамын

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде өткен республикалық айтыста елді бірлікке шақырған ақын сыртқы күштің айтақтауына алаңдайтынын айтты. Билік партиясы мен атқамінерлерді жырымен қатаң сынына алып жүрген ақынның ойы өзгерген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: Азаттық радиосы

Фото: Азаттық радиосы

Ақынның ода жырлары көңілінен шықпаған көрермендер қол соғуды азайтып, кейбірі шығып та кеткен болатын. Ал айтысқа ақынның өз көңілі толатын болып шықты.

"Бүгінгі айтыс та көңілімнен шықты. Маған кез келген айтыс ұнайды. Әрбір болған айтыс біз үшін мейрам", - деді Ринат Зайытов.

Ақын NUR.KZ порталына билікті қолдауының себебін де түсіндірді.

"Бұл жайында әлі де сөйлесеміз. Ауқымы кең әңгіме. Жақында YouTube желісінде бұл туралы айтатын боламын. Себебі басқа журналистер де осыны сұрап жатыр. 2-3 күндікте осы сауалдың төңірегінде үлкен әңгіме жүргіземін. Қазір мемлекеттің сыртқы саясаттан алып жатқан соққылары бізді солай айтуға міндеттейді. Мәжбүрлемейді, міндеттейді. Ақын елдің жанашыры. Ұлт ішіндегі тұтастықты сақтау үшін біз солай айтуға міндеттіміз. Қазір геосаясат бар.

Сыртқы күш халықты патшаға қарсы айтақтайды. Жамандасақ, біз өзіміз жамандап аламыз. Ресейдегі Соловьев болсын, Қырғызстандағы Атамбаев болсын, одан қалды Америкадағы көтеріліс жасайтындардың бізге не қатысы бар?! Енді біз соларға еріп, халықты ішімізден айтақтайтын болсақ, азаматтық көтеріліске өз қолымызбен әкелеміз. Мұны түсіну керек", - дейді ақын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
3
3
1
0
27
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір