RU
"Адам болсын деген": Өзбекстандық ана ұлын ұрған мұғалімді ақтап алды
Жаңалықтар Әлемде

"Адам болсын деген": Өзбекстандық ана ұлын ұрған мұғалімді ақтап алды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Хорезм облысы кәсіби автожол колледжінің биология пәнінің оқытушысы Зебо Нафасова оқушыға күш қолданғаны үшін қызметінен алынған деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен видеода оқытушы Зебо Нафасова студенттердің көзінше, 17 жастағы Мұхаммад Жуманазаровты аяқ киімімен ұрады. Тексеру барысында бұл видеоның 12 сәуірде түсірілгені анықталған.

Орта арнайы кәсіби білім беретін оқу орнының қызметкері Салохиддин Санакулов бұл оқиғадан кейін оқытушы Зебо Нафасова қызметінен алынды деп хабарлады.

Жәбірленушінің туысы оның анасы оқытушыны кінәламайтынын айтады.

"Оның ойынша, мұғалім адам болсын деп істеген", – дейді жәбір көрген оқушының туысы.

Хорезм облысындағы Әйелдер ісі жөніндегі комитет қызметкері Зебо Нафасованың соңғы кезде қатты күйзелісте жүргенін айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір