RU
Алматы облысында Mazda CX-7 көлігі сәбилі келіншекті қағып өлтірген
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында Mazda CX-7 көлігі сәбилі келіншекті қағып өлтірген

Рассказать Вконтакте

"Алматы-Бішкек" автожолында кішкентай нәресте мен оның анасын қағып кеткен көлік анықталып, арнайы тұраққа орнықтырылған. Жол апатынан ізін жалтартқан көлік жүргізушісі де табылды деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: anapa.info

Фото: anapa.info

Сәуірдің 17-нен 18-не қараған түні "Алматы-Бішкек" трассасының 27 шақырымында 38 жастағы әйел мен оның кішкентай сәбиінің денесі табылған.

Олардың жол апаты салдарынан көз жұмғандары анықталды. Алайда, жас ана мен нәрестенің өмірін қыршынынан қиған жүргізуші қашып кеткен.

Оқиға орнына келіп тиісті жұмыс атқарған мамандар 38 жастағы әйелді қағып кеткен Mazda CX-7 көлігі екенін анықтады.

Жедел іздестіру шараларының арқасында көлік жүргізушісі табылып тұтқынға алынды.

Полиция бөлімінде ол өз кінәсін толықтай мойындаған.

Оқиға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel