RU
Павлодар облысында алты көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодар облысында алты көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Рассказать Вконтакте

«Павлодар – Екібастұз» бағытындағы тас жолда үш бірдей жол көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодар облысында алты көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Павлодар облысында алты көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығынан сегіз шақырым қашықтықта сағат 14.00-де «LADA-211910» автокөлігін тізгіндеген 20 жастағы жүргізуші мен 34 жастағы ер адам басқарған «КамАЗ» жүк көлігі соғылған.

Жол апаты Ертіс алқабынан көлік өтетін жолдың бөлігінде қою түтін жайлаған жерде тіркелген. Сағат 14.05-те «LADA-2108» көлігінде отырған 52 жастағы жүргізуші мен «Фольцваген-Пассат» көлігінде отырған 52 жастағы азамат соқтығысқан.

10 минуттан кейін дәл сол тас жолында «Toyоta Camry» маркалы темір тұлпар мен 42 жастағы адам тізгіндеген «ГАЗ-53» жүк көлігі қақтығысқан, - деді депаратментте.

Жол көлік оқиғасы салдарынан «LADA-211910» және «Фольсфаген-Пассат» автокөліктерінің екі жолаушысы мен «Toyta Camry» автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

«Toyоta Camry» көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жүгініп, көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Аталмыш фактіге қатысты жол апатының себептері мен кінәлі адамдарды анықтау бойынша тексеріс жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel