RU
Абақтыда отырған Бишімбаев қытай мен араб тілдерін үйреніп жүр
Жаңалықтар Саясат және экономика

Абақтыда отырған Бишімбаев қытай мен араб тілдерін үйреніп жүр

Рассказать Вконтакте

Абақтыда отырған экс-министр Қуандық Бишімбаев қытай мен араб тілдерін үйреніп жүр. Жұбайының бұл ісін Назым Бишімбаева да растаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бишімбаев. Фото: ТоболИнфо

Бишімбаев. Фото: ТоболИнфо

Бұл жайында Facebook парақшасында жарияланды.

"Ол абақтыда жүріп, қос тіл үйренуде. Оны адамдар сынауы немесе айыптауы мүмкін. Бірақ ол өзінің заман талабына сай қасиетін байқата алады ма? Әлде оны жоғалтады ма? Әлде қасиетін еселей түседі ме?" - деп жазды аталмыш парақшада.

Жарының бұл әрекетін Назым Бишімбаева да Tengrinews.kz агенттігіне растаған.

"Ол менен көптеген кітаптарды сұрайды. Көп оқиды", - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевты жемқорлық жасады деп айыптап, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Алайда айыпталушы бұл шешіммен келіспей, істі қайта қарауға берген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
2
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel