RU
Стриптиз көруге келген 60 жастағы зейнеткер жүрегі жарылып қайтыс болды
Жаңалықтар Әлемде

Стриптиз көруге келген 60 жастағы зейнеткер жүрегі жарылып қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Тайландтың Бангкок қаласына саяхаттап келген 60 жастағы ер адам жергілікті стриптиз мейрамханасында отырған кезінде қайтыс болды. Жалаңаш қыздардың қойылымын тамашалауға барған қарттың жүрегі жарылып кеткен деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Британиялық зейнеткер тай стриптиз клубына барған кезінде өзін жаман сезініп, құлап түскен. Нәтижесінде оның жүрегі жарылып кеткені белгілі болды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қарт адам сахна алдында отырып бойжеткендерге қырындап отырған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Мейрамхана қызметкерлері жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен тым кеш болды. Ер адамның жүрегі бірден жарылып кетіп, ол құлаған сәтінде-ақ жүріп кеткен көрінеді.

Дәрігерлер тек қана өлімнің нақты уақытын анықтауға қауқарлы болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
7
6
7
2
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір