RU
Мұқтаж жандарды "магия" көмегімен тамақтандырған сиқыршы көпті тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

Мұқтаж жандарды "магия" көмегімен тамақтандырған сиқыршы көпті тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Астаналық сиқыршы өзінің ерекше магиясын қолданып, мұқтаж жандарға көмек қолын созды. Ол түрлі фокустарының арқасында баспанасыз көше кезіп жүргендерге тамақ беріп, сиқырымен ақшаға кенелтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

"Мен барлығын бір мезетте қиындықтардан құтқара аламын деп айта алмаймын. Алайда, кейде қолдауды қажет етіп тұрғандарға көмек қолын созсаңыз ғана болғаны. Өзімшілдігіңізді ысырып қойып, осындай қарапайым сиқыр сыйласаңыз олар өздерін сондай бақытты сезінеді", - деп жазыпты Шыңғыс Ибраһим.

Ол өзінің Instagram желісіне қайырымдылық шарасынан түсірілген видеосын жүктеп қойды.

Бейнежазбада ол далада қайыр тілеп отырған жандардың қасына барып, сиқырдың арқасында оттан тамақ, қалтадан ақша шығарғаны көрініс тапты.

Баспанасыз қалғандар ер жігіттің бұл қылығына ризашылдығын білдіріп, жылы лебізді рахметін айтып жатты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel