RU
Ауа райы болжамы: Алдағы үш күнде жаңбыр, бұршақ және қар жаууы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы болжамы: Алдағы үш күнде жаңбыр, бұршақ және қар жаууы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Елімізде алдағы күндері ауа-райы тұрақсыз болады. "Казгидрометтің" хабарлауынша, 24-26 сәуір аралығында бірқатар аумақтарда нөсер, бұршақ және қар жауады деп күтілуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: turcalendar.ru

Фото: turcalendar.ru

24, 25, 26 сәуір күндері Қазақстанның дәл ортасына келіп орналасатын Каспиялық циклон кесірінен еліміздің оңтүстік аймақтарында нөсер, қатты жел және қар жаууы әбден мүмкін.

Бұл циклон орталық пен шығыс облыстардағы ауа-райының бұзылуына, шамадан тыс жаңбыр мөлшеріне әкеп соқтырады.

Еліміздің батыс және солтүстік аймақтарына да нөсер түседі. Солтүстік облыстарда тіпті қар жауады деген болжам бар.

Синоптиктер бірқатар облыстарда дауылды алдын ала ескерту жариялады.

24-25 сәуір күндері Қостанай, Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы желдің уытқуы секундына 15-20 метр, тіпті кейбір кездері бұл көрсеткіш 23-26 метрге дейін жетуі мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel