RU
Өскемендік ару құрбысының көзінше қол көтерген күйеуін пышақтап тастады
Жаңалықтар Қоғам

Өскемендік ару құрбысының көзінше қол көтерген күйеуін пышақтап тастады

Рассказать Вконтакте

Өскеменде құрбысының көзінше әйелін шапалақпен тартып жіберген ер адамның басы бәлеге қалды. Жан жары оны осы қылығы үшін кешірмей, екі жерден пышақ сұғып алған деп хабарлайды ustinka.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Ерлі-зайыптылардың арасындағы түсініспеушілік түн уақытында, Сәтпаев даңғылының бойындағы үй аулаларының бірінде орын алған екен. Белгілі болғандай, өскемендік жас ана құрбыларымен бірге кездесіп, көңіл көтермек болған. Алайда оның күйеуі "келіншегінің үйге қайтуын талап етіп", әйеліне үздіксіз қоңырау шалып, маза бермеген көрінеді.

Ішімдік ішкен әйел, күйеуінің өтінішін орындап, үйге құрбысымен бірге келеді. Сол мезетте үйде екі баласымен күтіп отырған жолдасы әйелімен ұрысып, жанжал шығарады. Ашуға булыққан ер адам ақыры пәтерде қонбаймын деп, үйден сыртқа шығады. Ал, тыста ол әйелінің құрбысын көріп қалады. Азаматпен онымен де жанжалдасып, шу шығарады.

Сырттағы дау-дамайды естіген келіншек үйден шыққаны сол еді, күйеуі оны шапалақпен тартып жіберген көрінеді. Бұған шыдамаған әйел, көліктен пышақты алып, күйеуін екі жерден пышақ сұғып алады.

Абырой болғанда ер адам аман қалған. Өскемен қаласының № 2 cоты әйелді 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Арадағы түсініспеушілікке қарамастан ерлі-зайыптылар бір-бірін кешірген екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
4
7
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel