RU
Шымкентте адам көргісіз күйге түскен қорымдар жұртты шошытты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте адам көргісіз күйге түскен қорымдар жұртты шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкенттің қорымдары қоқысқа толып қалыпты. Шашылып жатқан гүл шоқтары мен құлыптас қоюшылардың соңынан қалған құрылыс қалдықтары бейіт басын жайраған күйге түсірген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкент

Шымкент қорымдары

Мұсылман мазаратына су тарту да проблема болып тұр. Қабірдің басын шөп басып, қураған ағаштар көбейген. Отырғызылған көшеттер де қурап, күйіп кетіп жатыр.

Миллионға жуық тұрғыны бар Шымкентте 47 қорым бар. Оларды тазалап ұстау үшін 49 млн теңге қарастырылыпты.

Шымкентте адам көргісіз күйге түскен қорымдар жұртты шошытты (фото)

Шымкентте адам көргісіз күйге түскен қорымдар жұртты шошытты (фото)

Бүгінге дейін тазалау проблемасы тек сенбілік ұйымдастыру арқылы шешіліп келген. Өйткені, мемлекеттік сатып алу заңдарына сəйкес əлі де конурс өтіп жатыр екен.

Сондықтан да қорымдар əзірге қоқысқа толып тұра береді. Жауаптылар қабір басына дұға жасауға келгендердің өзі зираттарды ластап кететіндігін айтады.

Шымкентте адам көргісіз күйге түскен қорымдар жұртты шошытты (фото)

Шымкентте адам көргісіз күйге түскен қорымдар жұртты шошытты (фото)

Жақында ғана өткен православтардың "Родительские" күнінен соң мұнда қоқыс тау боп үйілген. Тіпті ақылы қабір тазалағыштардың қызметіне жүгінетіндердің қатары да көп емес екен. Осылайша марқұмдар үшін дұға жасайтын орында тірілердің тірлігі жаға ұстатып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel