RU
"Алашұлы" жанкүйерлері отандық жүргізушіні өлтіріп кетеміз деп қорқытқан
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Алашұлы" жанкүйерлері отандық жүргізушіні өлтіріп кетеміз деп қорқытқан

Рассказать Вконтакте

Отандық арналардың бірінен берілетін «Ұят Парад» атты бағдарламаның жүргізушісі Нұржан Еркінұлы өз жұмысы барысында кездесетін "қиындықтар" туралы айтты. Айтуынша, отандық жұлдыздардың бейнебаяндарын оңдырмай сынайтын жігітке қоқан-лоққы көрсеткендер де болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық тележүргізушіні "Алашұлы" тобының жанашырлары өлтіріп кетеміз деп қорқытқан

Нұржан Еркінұлы. Фото: "Жұлдыздар отбасы"

Бұл туралы ол "Жұлдыздар отбасы" журналына берген сұқбатында айтты.

Оның айтуынша, «Алашұлы» тобының бейнебаянын сынағаннан кейін топ мүшелері оған ренжіген көрінеді.

«Қарсылықтар болды. Олар маған әлі де ренжулі. Біздің сынымызды дұрыс түсінбеген секілді. Бағдарлама шыққаннан кейін бізге «Алашұлы» тобының продюсері хабарласты. Бағдарламамыз «Алашұлының» концерті қарсаңында болып қалыпты. Бұл олардың ашуына тиіпті.
Отандық тележүргізушіні "Алашұлы" тобының жанашырлары өлтіріп кетеміз деп қорқытқан

"Алашұлы" тобы. Фото: Saz-Alemi

Топтың жанашырлары «Осы ісің үшін ұрып кетеміз, өлтіріп кетеміз» деп ашумен талай қоқан-лоқылар көрсетті. Ақырында біз топ жігіттерімен көзбе-көз кездестік. Мен оларға «Көрерменге бейнебаянда шын мәнінде не айтқыларың келгенін ресми түрде айтып, жауап беріңдер» деп бағдарламаға шақырдым. Бейнебаянның идеялық мазмұнын ашық айтуларын сұрадым.
«Алашұлы» тобының кезекті жауабы үшін сценарий де жазылды. Алайда олар сценарий бағыты бойынша сөйлегісі келмеді. Қойылған сұрақтарға жауап бермеді. Сол себепті бұл бағдарламаны шығара алмадық. Кезегі келгенде бұл видеоны эксклюзив ретінде шығарармыз", - деді ол.

Сонымен бірге, Нұржан Еркінұлының айтуынша, "Кешью" тобының бейнебаянын сынаса да, Баян Мақсатқызы оған еш реніш білдірмегенін жеткізді. Продюсер тіпті сыншы жігітті киносының премьерасына шақырып, қонақ еткен екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
5
1
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір