RU
Ресейде терезеден құлап, ауыр халде жатқан қыз Астанаға жеткізілді
Жаңалықтар Қоғам

Ресейде терезеден құлап, ауыр халде жатқан қыз Астанаға жеткізілді

Рассказать Вконтакте

Санитарлық авиация борты шетелде ауыр жағдайда жатқан Қазақстан азаматын елге жеткізді деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресейде терезеден құлап, ауыр халде жатқан қыз Астанаға жеткізілді

Ресейде терезеден құлап, ауыр халде жатқан қыз Астанаға жеткізілді

1993 жылғы қазақстандық қыздың ата-анасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүгініп, қыздарының Санк-Петербор қаласындағы Жалпыресейлік шұғыл және радиациялық медицина орталығына шұғыл емдеуге жатқызылғанын хабарлаған.

Ведомство Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп қызды елге әкелу үшін бірқатар шара жүргізді.

Алынған медициналық құжаттар негізінде Қазақстан азаматын санитарлық авиация күшімен тасымалдау үшін санитарлық авиация бортын жіберу туралы комиссиялық шешім қабылданды.

21 сәуірде ауыр халде жатқан 25 жастағы қыз санитарлық авиация күшімен Республикалық нейрохирургия орталығында ем қабылдауды жалғастыру үшін Астанаға жеткізілді.

Еске салсақ, Томирис есімді бойжеткен Мәскеу университеттерінің бірінде терезеден құлап кеткен болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
8
3
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel