RU
Қазақстанның қыздарына қолдарынан бәрі келетіні айтылды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанның қыздарына қолдарынан бәрі келетіні айтылды

Рассказать Вконтакте

"Блогерлердің Қазақстандағы әйел құқықтары төңірегінде жасаған дүрлігістеріне халықаралық әйелдер бренді жауап берді", - деп хабарлайды NUR.KZ.

Еске салсақ, 16 сәуірде Қазақстанның нео-патриархат жағдайларында өмір сүретіні жайлы мақала жарық көрген болатын, онда қоғамның әйелдер бөлігі өзін-өзі іске асыру құқықтары жағынан айтарлықтай қысым көретіні айтылған. Шығармашылық Бастамадағы Әйелдер Лигасы сауалнамасының нәтижелерімен дәлелденген тақырыпқа Nur.kz порталынының және елдегі белгілі блогерлердің жазылушылары да жауаптарын күттірмеді.

Қазақстанның қыздарына қолдарынан бәрі келетіні айтылды

Пікір білдіргендердің көбі әйелдер болды. Блогерлер бірауыздан дерлік өздерінің әйел затын ошақ иесі, ана және үй шаруасындағы әйел мәртебесінде ғана қабылдауға қарсы ұстанымдарын білдірді. Интернет активистері былай сендіреді: жыныстық белгі бойынша кемсіту — ескінің жұғындысы, әлсіз жандылар түрлі салада өздерін дамытып, табысқа жете алады.

Қазақстанның қыздарына қолдарынан бәрі келетіні айтылды

«Мен, әйел — ошақ иесі, қамқор ана және қолынан бәрі келетін шебер екенін түсінемін, алайда егер ол сонымен қатар жұмыс істейтін болса, оның несі жаман? Табысқа жеткен, сонымен қатар жеке өмірінде де бақытқа кенелген көп әйелді көрдім», — деп блогер matzhanova_ өз Instagram парақшасында жазған болатын, ол пост осы мақала жарық көрген сәтте 11 000 астам «ұнайды» белгісін жинады.

Қазақстанның қыздарына қолдарынан бәрі келетіні айтылды

«Облыстарда, кішігірім қалаларда жас қыздар тіпті өзін-өзі іске асыруға тырыспайтынына нық сенімдімін, себебі оларға кішкентай кездерінен күйеуге шығуды өмірлерінің басты мақсаты ретінде құлақтарына құйып өсіреді», — деп asseliina пікірін білдірді (постқа 13 000 астам «ұнайды» белгісі қойылды). Әнші Лидо да өз Instagram парақшасында өткір пікір білдірді: «Осы сұрастырылған ер-азаматтардың бәріне шынымен де тамақ әзірлеуден және баланың боғынан (кешіріңіздер) басқа ештеңе көрмейтін, көздері жайнамайтын, қашан болса да мұңайып, өзіне күтім жасамайтын және тіпті ашулы әйелдермен өмір сүрген қызықты ма, маған осы қызық?!»

Қазақстанның қыздарына қолдарынан бәрі келетіні айтылды

Посттар, лайктар мен пікірлер Казнетті әлі де дүрліктіріп жатыр. Және нәтижесі де бар: Қазақстан қыздарын Kotex® әйел гигиенасының халықаралық бренді естіді. Бренд сенiмi бойынша, әйелдер прогресі кез келген салада жасампаз күшке ие болып, әлемді жақсарта түседі. Kotex® әйелдерге өмірлерінің кез келген күнінде тоқтамай, қозғалысы мен дамуын жалғастыра беруге көмектесетін сапалы өнімді ұсына отырып, оларға өмір бойы қолдау көрсетуді өзінің міндеті деп есептейді.

Интернеттегі дүрлігіске жауап ретінде Kotex® басты рөлді Қазақстан қыздары сомдайтын бірнеше уәждеуіш бейнероликтің түсірілімін бастады және «Күн сайын алға! ұранымен уәждеуіш науқанға кірісіп кетті».

Компания өкілдігі хабарлағандай Kotex® бренді Қазақстан қыздары манифесін құруды жоспарлауда, Қазақстанда тұратын кез келген қыз оның кейіпкері бола алады. Өтінім қалдыру үшін www.mykotex.kz сайтына кіріп, ролик түсіріліміне кастингке қатысу қажет. Кастингтен өткен қыздар осы жылдың аяғына дейін жұртшылықтың назарына шығарылатын роликке түсетін болады.

Қазақстанның қыздарына қолдарынан бәрі келетіні айтылды

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір