RU
БЖЗҚ сотталған Ерденаевтан тағы 1,7 миллиард теңге өндіріп алмақшы
Жаңалықтар Қоғам

БЖЗҚ сотталған Ерденаевтан тағы 1,7 миллиард теңге өндіріп алмақшы

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Бірыңғай жинақ зейнетақы қоры бұрынғы басшысы Руслан Ерденаев пен БЖЗҚ ісі бойынша сотталған өзге тұлғалардан тағы 1,7 миллиард теңге өндіріп алмақшы деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

БЖЗҚ сотталған Ерденаевтан тағы 1,7 миллиард теңге өндіріп алмақшы

БЖЗҚ сотталған Ерденаевтан тағы 1,7 миллиард теңге өндіріп алмақшы

Ерденаев 18 сәуірде пара алып, қаражатты ысырап еткені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот одан 400 мың доллар тәркілеген болатын.

Сот талқылауына дайындық туралы "БЖЗҚ" АҚ басқарма басшысы Нұрбибі Наурызбаева жыл қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында айтты. Ол келесі арыздың қашан берілетіні туралы хабарлаған.

"Ерденаев қана емес, сотталған барлық тұлға 5 миллиард теңге қайтаруы тиіс болатын… Бірақ әлі ешқандай қаражат қолымызға тиген жоқ. Біз шығынды өтеу бойынша арыз бергелі отырмыз… Апелляциялық өндіріс аяқталған соң, сот шешімі күшіне енеді, сол кезде азаматтық негізде арыз беретін боламыз", — деді Наурызбаева.

Белгілі болғандай, сот зейнетақы қорының азаматтық арызын толығымен қанағаттандырмаған екен. Ал арызда негізінде 6,7 миллиард теңге деп жазылған. Яғни, бірінші инстанция соты азаматтық арызды қылмыстық іс аясында қарап, талаптарды жартылай орындаған: ал қалған 1,7 миллиард теңге сомасы қарастырылмапты.

Арыз беруші осы "жетіспей тұрған" қаражат көлемі бойынша әрі қарай сот талқылауын жалғастыруға құқылы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір