RU
Армения премьер-министрі Серж Саргсян ақыры отставкаға кетіп тынды
Жаңалықтар Әлемде

Армения премьер-министрі Серж Саргсян ақыры отставкаға кетіп тынды

Рассказать Вконтакте

23 сәуірде Арменияның премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті. Елдегі оппозиция соңғы он бір күн бойы Ереванда толассыз шеруге шығып, оның екі мерзім президент болған соң үкімет басқаруға қайтып келуіне наразылық танытқан деп хабаралйды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Армения премьер-министрі ақыры отставкаға кетіп тынды

Армения премьер-министрі ақыры отставкаға кетіп тынды

"Мына туған ахуалға қатысты әртүрлі шешім қабылдауға болар еді. Бірақ мен ондайға бармаймын. Елдің жетекшісі, үкімет басшысы қызметінен кетем", - деп мәлімдеді Серж.

Сондай-ақ, Саргсян жаппай наразылық шарасын ұйымдастырушы Никол Пашинянның позициясын "жөн" деп мойындады.

Пашинян бастаған ондаған мың армениялық Ереванда он шақты күн бойы демонстрация ұйымдастырып, жолдарын бөгеген полицияны "Саргсянды емес, халықты қорғауға" шақырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel