RU
Анасымен ұрысып қалған 12 жастағы оқушы Бали аралына ұшып кеткен
Жаңалықтар Әлемде

Анасымен ұрысып қалған 12 жастағы оқушы Бали аралына ұшып кеткен

Рассказать Вконтакте

Австралияда 12 жастағы оқушы анасымен ұрысып қалғаннан кейін ата-анасының кредиттік картасын ұрлап, Балиге демалысқа ұшып кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ

Анасымен ұрысып қалған 12 жастағы оқушы Бали аралына ұшып кеткен

Анасымен ұрысып қалған 12 жастағы оқушы Бали аралына ұшып кеткен

12 жастағы оқушы балаларға жалғыз саяхаттауға рұқсат ететін әуе компаниясынан Денпасарға (Бали аралындағы ірі қала) билет сатып алған.

Кейін ата-анасына хабарласып, мектепке бара жатырмын деп өтірік соғыпты. Шын мәнісінде әуежайға бет алған.

Әуежайда өз бетінше тіркелетін қызметті пайдаланып, ұшақ бортына еш кедергісіз өткен ол Австралияның Перт қаласына жетіп алған.

Кейін Денпасарға дейін апаратын ұшаққа отырып, алдын ала брондап қойған All Seasons қонақ үйіне келген. Онда да мектеп оқушысы қазір әпкесі келетінін айтып, еш қиындықсыз тіркеуден өтіпті.

Баланың ата-анасы мектептен қоңырау шалғаннан кейін ұлдарының Балиге ұшып кеткенін біліп қойған.

Анасы баласын алып келу үшін аралға аттанды. Әйелдің айтуынша, оның ұлы бетін қайтарғанды ұнатпайды екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
0
3
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel