RU
АҚШ-тың төрт президенті Барбара Бушты ақтық сапарға шығарып салды
Жаңалықтар Әлемде

АҚШ-тың төрт президенті Барбара Бушты ақтық сапарға шығарып салды

Рассказать Вконтакте

Барбара Бушты ақтық сапарға шығарып салу үшін АҚШ-тың төрт президенті отбасыларымен жиналып, бас қосты деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ

АҚШ-тың төрт президенті Барбара Бушты ақтық сапарға шығарып салды

АҚШ-тың төрт президенті Барбара Бушты ақтық сапарға шығарып салды

Олардың қатарында Барак Обама, үлкен және кіші Джордж Буш, Билл Клинтон және АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп, экс-ханымдар Мишель Обама, Лора Буш, Хиллари Клинтон бар.

АҚШ тарихында маңызды рөл атқаратын аталған саяси тұлғалар Барбара Бушты жерлеу рәсімінде бірге суретке түскен. Джордж Буштың жеке фотографы түсірген бұл сурет әлеуметтік желіде бірден тарап кетті.
АҚШ-тың төрт президенті Барбара Бушты ақтық сапарға шығарып салды

АҚШ-тың төрт президенті Барбара Бушты ақтық сапарға шығарып салды

Тек қана қазіргі президент Дональд Трамп аталған суретте жоқ. Хьюстонда өткен жерлеу рәсіміне Ақ үй басшысы келе алмапты.

Аталған суретке қатысты халықтың пікірі әртүрлі болды.

Клинтон мен Джордж Буштың кезінде президент әкімшілігінде офицер қызметін атқарған Дэвид Прайс: «Саяси тұрғыда келіспеушіліктер мол болғанымен, суреттегі әр президент халыққа сыйлы. Бірге жұмыс істеген кезде көптеген түсініспеушілік орын алғанымен, әр президент өзіне деген сүйіспеншілікпен емес, әр шешімді Отанына деген махаббатпен қабылдаған еді», - деп жазды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel