RU
Алматыда босанған 20 жастағы бойжеткен өліміне орай перзентхана директоры жұмыстан кетті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда босанған 20 жастағы бойжеткен өліміне орай перзентхана директоры жұмыстан кетті

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында жаңадан босанған 20 жастағы бойжеткен қайтыс болды. Оқиғаға байланысты перзентхана директоры Элмира Жақашева жұмыс орнын босатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Бұл туралы Instagram желісінде Altynay B атты желі қолданушы хабарлады. Ол өзінің парақшасына еңбек шартын бұзу жөніндегі бұйрықты жүктеп қойған.

Автор жазбасында Элмира Жақашеваның артынан оныі әріптесі Татьяна Занилова да кетіп қалғанын айтты.

Оған қоса, бойжеткен жұмыстан кеткен медицина қызметкерлерінің асқан кәсібилігін айтып өтіп, көбісі жауапкершілік алғысы келмеген сансыз күрделі оталарды тек қана Жақашева қорықпай жасап шыққанын да жеткізді.

Перзентхана директорының кеткенін денсаулық басқармасы да растап отыр.

Айта кетейік, оқиға осыдан екі ай бұрын орын алған. Алматы орталығындағы перзентханада жас босанған 20 жастағы бойжеткен көз жұмған болатын.

Қыздың ата-анасы оның өліміне перзентхана дәрігерлерін кінәлап отыр.

Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты іспен тәртіп сақшылары айналысып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
12
3
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel