RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мен найзағай болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мен найзағай болады

Рассказать Вконтакте

24 сәуір күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, найзағай, тұман, екпінді жел сақталады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңбыр. Көрнекі фото: Gorod.lv

Жаңбыр. Көрнекі фото: Gorod.lv

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, тұман болуы мүмкін, жел екпіні 15-20, күндіз 23 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз 23-28 м/с жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel